427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да көп балалы аналарға арналған орталық ашылады

  • 291
ШҚО-да көп балалы аналарға арналған орталық ашылады

Шығыс Қазақстан өңірінде «Бақытты отбасы» орталығы пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – көп балалы және аз қамтылған аналарға жан-жақты қолдау көрсететін арнайы клуб. Яғни қандай да бір әлеуметтік төлемдерді немесе құжаттарды рәсімдеу барысында олар мамандардан кеңес алып, жұмыстарын жүргізе алады. Тіпті бұл орталықта жас аналар кішкене балаларын уақытша қалдырып та кете алады. Ол үшін ойын бөлмесі жабдықталмақ. Клубқа келген әйелдерге кәсіпкерліктың қыр-сыры жайлы мәліметтер беріледі. Сөйтіп олар өз бетінше бизнес жоспар құрып, ойға алған істерін бастауына болады. Бұл жоба аймақтағы көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі тарапынан қолға алынбақ.

Анар Сүлейменова, көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің басшысы:

– Шағын қолөнер цехы да болады. Біз осының барлығын белгілі бәр кәсіппен айналысуға ниетттенген аналарға қолдау ретінде ұйымдастырмақшымыз. Осылайша олардың демеушілер табуына да мүмкіндік болады. Бізбен бірлесе жұмыс істеп, дамиды.

Хабар 24 телеарнасы