411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тұмар» бәйгесіне үміткерлердің тізімі жарияланды

  • 227
  • UPD: 16:02, 11.03.2020

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің шорт-листі белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің арна үш номинация бойынша жеңістен үміттілер тізімінде. «Хабар 24» ашылған алғашқы күннен бері жаңалықтар бөлімінде еңбек етіп жүрген Аслан Қажен – үздік тележурналист номинациясына үміткер. Сондай-ақ қоғамдағы ең өзекті мәселелерді көтеретін «Әкім» және «Тексердік» бағдарламалары үздік әлеуметтік жоба аталымы бойынша жеңістен үмітті. Жүзден жүйрік шыққандар алдағы жұмада марапатталады. Олардың жұмысын отандық және халықаралық медиа саласында жүрген майталмандар іріктейді.

Айта кетейік, өткен жылы біздің арна үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама номинациясын жеңіп алған болатын.

Махаббат Есен, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры бас директорының орынбасары:

– Биылғы жылы «Тұмар» премиясында Евгениямен бірге тағы да бір шетелдік маман жұмыс істеді. ол Роза ханым. Ол Би-Би-Си, яғни Лондонда 20 жыл жұмыс істеп жүр. Өзі қазақ болған соң қазақ контентіне үлесін қосып отыр.

Ләйлә Сұлтанқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тележурналист, продюсер:

– Биылғы жылдың ерекшелігі, сыйақы беріледі. Яғни жеңген адамға немесе жеңген компанияға 1 млн теңгеден. Сонымен қатар жылда мен өзім бір нәрсені түсінбейтінмін. Кез келген тапсырыс беруші телеарна болады да, тапсырысты орындаушы продакшн компаниялар ескеріле бермейтін. Биыл осы жайт ескеріліп, екеуіне де продакшн компанияға да, тапсырыс беруші телеарнаға да беріледі.

Хабар 24 телеарнасы