425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда мас күйінде адам қаққан полицейге қатысты сот үкімі шықты

  • 355
  • UPD: 20:39, 11.03.2020

Орал қаласында арақ ішіп, адам басқан полиция қызметкеріне қатысты бүгін сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол-көлік оқиғасы 2019 жылдың 7 желтоқсанында Жәңгір хан көшесінің бойында болған еді. Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі  Медет Рахаділов «Ауди В4» автомобилімен түнгі сағат 03:00 шамасында жүргінші Іңкәр Бектұрғанованы қағады. 29 жастағы келіншек ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмады. Сот-медициналық сараптамасы тәртіп сақшысының удай мас екенін анықтаған. Орал қалалық сотының шешімімен кінәлі 5 жылға бас бостандығынан және 5 жылға көлік жүргізу құқынан айрылды. Ол өз жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі колонияда өтемек. Жәбірленуші тарап үкіммен келіспейді, жазаны тым жеңіл деп санайды, 4 баланың жетім қалғанын айтады.

Серік Бектұрғанов, жәбірленуші:

- Одан артық бере алмайды бұрынғы заң бойынша. Бірақ енді жеңілдетілгені сол болып тұр да сұрақ. Қоныстандыру колониясы ғой. Неге десеңіз, қазір 5 жыл колонияға алып кетсе, 1-1,5 жылдан кейін шартты түрде шығатын болса, баланың ойыны болып кетті ғой. Цирк былай қарағанда.

Айжан Мырзалы, қалалық сот судьясы:

Бұл жаза сотпен Қылмыстық кодекстің ескі редакциясы бойынша жаза қабылдады. Себебі аталған жол-көлік оқиғасы 2019 жылыдң желтоқсан айының 7 күні орын алуы себепті. Яғни Қылмыстық кодекстің 6-бабына сәйкес заңның кері күші болмайтыны ескеріле отырып, тиісінше жаза қабылданды. 2020 жылдың қаңтар айынан қатаң жазалау шаралары қолданылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы