447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында коронавирусқа қарсы тұрудың жоспары жасалады

  • 151
  • UPD: 10:26, 12.03.2020
Қостанай облысында коронавирусқа қарсы тұрудың жоспары жасалады

Қостанай облысында коронавирус тіркелген жағдайда екі іс-қимыл жоспары жасалады. Ресми мәліметке сүйенсек, әзірге өңірде бұл дертті жұқтырғандар жоқ.

Алайда әлемді жайлаған індеттің бізді айналып өтеріне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан алдын алу шараларына 36 миллион тенгеге жуық қаржы бөлінген. Оған қажетті дәрі-дәрмектер сатып алу көзделіп отыр. Сондай-ақ облыстық медициналық штаб құрылып, жұқпалы дерт анықталған жағдайда  жұртты хабарландыру тәртібі  бекітілді.

Анжела Бексұлтанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: 

- Зертханалық тексеріс  қорытындысында 5 адамда коронавирус анықталып, олармен 100 адам  қарым-қатынаста болса «А» жоспары жүзеге асырылады. Ал егер дертке шалдыққандардың саны алтауға жетсе «Б» жоспары қолданылады. Ол кезде әкімнің шешімімен төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы