425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр

  • 476
  • UPD: 10:12, 12.03.2020
Елордада Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр

Елордада кезекті Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр.

Дәстүрлі «АгриТэк-ФармТэк» шарасы бас шаһарда осымен 15-ші мәрте ұйымдастырылуда. Осыған байланысты «Көрме» орталығының бес залымен қатар, сыртқы фойесі де ұсынылды. 18 елден келген 200 компания өкілдері ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін, тыңайту және сұрыптау технологиясын, өсімдікті қорғайтын заттар, жем мен тыңайтқыштар, мал мен құс шаруашылығына арналған ветеринарлық және зоотехниялық техниканы таныстыруда. 

Бауыржан Шолпан, сатылым жөніндегі менеджер:

- Біздің компания Қазақстанда 20 жылдан бері жұмыс жасайды. Жылдан жылға сатылымымыз, Қазақстанның агро саласына енуіміз ұлғайып жатыр жылдан жылға. Өнімнің бағасы әрине өседі деген болжам бар. Болжамға біз ешқашан төтеп бере алмаймыз. Бірақ та техниканы негізінде біз валютамен алып келеміз. Валютамен сатылады яғни доллармен, евромен. Бұған біз де қарсы тұра алмаймыз. 

Еске сала кеткен жөн, «АгриТэк-ФармТэк-Астана» көрмесі осыдан 7 жыл бұрын «Ю-Эф-Ай Эпруувд Ивэнт» статусын алған болатын. Бұл көрменің жоғары дәрежеде өтетінін және бизнесті ынталандыратынын растайды. Көрме 3 күнге жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы