445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия халқының 70% коронавирусқа шалдығуы мүмкін – Меркель

  • 113
  • UPD: 11:29, 12.03.2020
Германия халқының 70% коронавирусқа шалдығуы мүмкін – Меркель

Германия халқының 60-70 проценті, яғни 58 миллион адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Канцлер Ангела Меркель осылай деп мәлімдеді.

Себебі дертке қарсы әлі вакцина табылмаған. Меркельдің айтуынша, сондықтан індетпен күрес тек оның таралуына тосқауыл қойып, уақыт ұтумен ғана шектеліп жатыр. Ал Германияда қазір «КОВИД-19»-ды жұқтырғандар саны 2 мыңға жуықтады. Аурудан 3 адам қайтыс болды. Елде індетке қарсы шаралар күшейтіліп жатыр. 

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Қазір індеттің таралуы экономиканың барлық саласына әсер етіп жатыр. Сондықтан ЕуроОдақ елдері дертпен бірлесіп күресуі тиіс. Германия қолдан келген шараларды жасауда. Дертті шекараны жабумен тоқтатуға болады деп ойламаймыз. Дегенмен, індет таралған аймақтардан келген азаматтарға шектеу шараларын енгізу қажет.

Хабар 24 телеарнасы