448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан қорықпау керек, одан сақтану керек – Е.Тоғжанов

  • 234
  • UPD: 13:10, 12.03.2020
Коронавирустан қорықпау керек, одан сақтану керек – Е.Тоғжанов ortcom.kz

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирусқа қарсы шұғыл қабылданып жатқан шараларға қатысты пікір білдірді.

Ең бірінші коронавирустан сақтанудың жолдарын ойластыруымыз керек екенін айтып өтті.

«Әрбір азаматтың қауіпсіздігі – жанұяның қауіпсіздігі. Сондықтан осы сұрақтардың бәріне біз дайын болуымыз керек. Қазір 120 мемлекетке коронавирус жетті. Қазақстанға байланысты көп сұрақтар қойылады. Осы уақытқа дейін қабылданған шаралардың арқасында Қазақстанда ешқандай коронавирус белгісі анықталған жоқ. Сондықтан оның бәрі жай ғана әңгіме емес. Бәрі президенттің тапсырмасын орындауға бағытталған нақты шаралардың арқасы деп қабылдау керек. Бұлардың бәрі оңай болып отырған жоқ. Мамандар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Қаншама елдермен шектеу қойдық, қаншама елдермен автотранспорттық қатынасты, әуе қатынастарын тоқтаттық, оның бәрі жайдан жай жүріп жатқан жоқ», - деді ол.

«Бұлар – бір адамның шығарған дүниелері емес, халықтың жағдайын ойлай отырып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар», - деп толықтырды.

Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты мәлімдеме жасады.

Қазақстанда 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынды.

16 наурыздан бастап елімізде студенттер қашықтықтан оқытылады. Ал орта білім беру ұйымдары 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулға шығады.

Хабар 24 телеарнасы