447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Тоғжанов: Той жасайтын адам жақсылап ойлануы керек

  • 847
  • UPD: 17:29, 12.03.2020
Е.Тоғжанов: Той жасайтын адам жақсылап ойлануы керек

ҚР премьер-министрінің орынбасары той, туған күн сияқты кісі шақырып, атап өтетін қуаныштарды мүмкіндігінше азайтуға кеңес берді.

«Қазір сондай кезең. Әр шаңырақтың, әр отбасының тойы маңызды екені түсінікті. Бірақ көптеген азамат сыйлағаннан кейін, шақырғаннан кейін міндетті түрде барып, құттықтауын айтқысы келеді. Алайда қазіргі жағдай «басқа жағдай». Той иесі тойды өткізбес бұрын жақсылап ойлануы керек», – деді ол брифингте.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов әлемдегі ахуалды біле тұра азаматтар шетелге демалуға шығуларын тоқтатпағанын ашына айтты. Соның ішінде, коронавирус дерті өршіп тұрған елдерге...

«Осылайша мезеттік ләззат үшін өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді», – деді ол.

Биыл Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланбайды

Қазақстанда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ – Ералы Тоғжанов

Қазақстанда студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылады

Елімізде бұқаралық іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынды

Хабар 24 телеарнасы