411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпейтін болды

  • 372
  • UPD: 15:08, 12.03.2020
Елімізде Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпейтін болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-те жазды.

«Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды. Дегенмен шағын және орта бизнес жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы шектеу шаралары олардың жұмысына кедергі келтірмеуі керек екенін атап айтты. Ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істей береді. Өздеріңізге белгілі, бүгін Президент коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесі жөнінде бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен шұғыл кеңес өткізді. Жағдай Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында», – делінген жазбада.

Биыл Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланбайды

Қазақстанда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ – Ералы Тоғжанов

Қазақстанда студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылады

Елімізде бұқаралық іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынды

Е.Тоғжанов: Той жасайтын адам жақсылап ойлануы керек

Хабар 24 телеарнасы