410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашақ» бағдарламасының студенттері елге оралады

  • 406
  • UPD: 18:09, 12.03.2020
«Болашақ» бағдарламасының студенттері елге оралады

«Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде білім алып жүрген қазақстандықтар елге оралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді. Бүгінде әлемнің 18 елінде 857 Қазақстан азаматы білім алады. Олардың 19-ы қауіп деңгейі 1-санатты елдерде жүр.

Асхат Аймағанбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Короновирусқа байланысты шел елдердегі университтердің көбі қашықтықтан оқу жүйесіне көшіп жатыр. Сондықтан студенттеріміздің кейбірі елге қайтады. Бұл жерде олардың келу және кету жол ақысы және степендияны сақтау мәселесі бар. Біз нормативті-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізіп, мәселені шештік.

Хабар 24 телеарнасы