447,94 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бүгіннен бастап кинотеатрлар жұмысын тоқтатты

  • 139
  • UPD: 17:30, 12.03.2020
Алматыда бүгіннен бастап кинотеатрлар жұмысын тоқтатты

Алматыда коронавирус індетінің алдын алуға байланысты бүгінен бастап театрлар мен кинотеатрлар жабылады.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғамдық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап қаланың театрлары мен кинотеатрлары жабылады. Барлық білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарында, демалыс орталықтарында, мешіттерде эпидемияға қарсы шаралар күшейтіледі», – деді ол.

Қала әкімінің орынбасары соңғы екі апта ішінде санитарлық жұмыстар мен профилактикалық шаралар жүргізілгенін және бұл жұмысты күшейту үшін еріктілердің қолдауы қажет екенін тілге тиек етті.

«13 наурыздан бастап мемлекет есебінен өткізілетін барлық мәдени-спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады. Жеке отырыстар бойынша қатысушылардың санын азайтуға кеңес береміз», – деп толықтырды Ержан Бабақұмаров.

Биыл Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланбайды

Қазақстанда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ – Ералы Тоғжанов

Қазақстанда студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылады

Елімізде бұқаралық іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынды

Хабар 24 телеарнасы