411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мұз жарылысы су басу қаупін тудыруы мүмкін

  • 231
  • UPD: 20:13, 12.03.2020
СҚО-да мұз жарылысы су басу қаупін тудыруы мүмкін

Солтүстік Қазақстанда мұз қыртысы пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев аудандарында қар бір жарым метрге дейін қатып қалған. Енді еріген қар суы жерге сіңбей, жан-жаққа жайылуы мүмкін дейді мамандар. Ал бұл су басу қаупін тудырады. Соңғы гидрологиялық мәліметтер бойынша, күндізгі жылу мен түнгі суықтан қар едәуір еріп, буланып кеткен. Бірақ оңтүстік-батыстағы Айыртау мен Ғабит Мүсірепов аудандарында қар әлі де көп. Қазір облыс бойынша 19 бақылау бекеті жұмыс істейді. Болжам бойынша, Сергеев су қоймасына жылдағыдан 3 есе көп су жиылуы мүмкін. 

Қымбат Мерғалымова, «Қазгидромет» МКК облыстық филиалының директоры:

– Даланы түсіру кезінде 10 наурызға облыс бойынша қардың қалыңдығы 45 сантиметрді көрсетті. Бірақ гидрологиялық қарауда өзен аңғарларындағы биіктік 3 метр болды. Өңірде алдағы демалыс күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сосын күн суытып, қайта жылынады.

Хабар 24 телеарнасы