447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте шетелдік қонақтар шақырылған мерекелік жиын кейінге қалды

  • 138
  • UPD: 20:15, 12.03.2020
Шымкентте шетелдік қонақтар шақырылған мерекелік жиын кейінге қалды

Шымкентте «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай ашылу салтанаты кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған мерекелік жиын наурыз айының 20 күніне жоспарланған болатын. Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өту іс-шаралары да тоқтатылды. Шымкентте бүгінгі күні 61 адам карантинге алынған. Олардың дені – Оңтүстік Кореядан ұшып келген азаматтар. Ал шаһар бойынша коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Сақтық шаралары барынша күшейтілген. Короновирусқа қарсы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық бюджеттен қосымша 181 миллион теңге бөлінген.

Темірхан Варзилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

– Бұл қаражат қосымша жеке қорғаныс құралдарын, шекаралық бақылау орындарында термо тепловизорларды орнатуға және де науқастарды тасымалдауға арналған капсулаларды сатып алуға жұмсалатын болады.

Алмасбек Мамытбеков, қала әкімінің орынбасары:

– «Шымкент -ТМД елдерінің мәдени астанасы» ашылу салтанаты кейінге қалдырылып отыр. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі шаралары да тоқталатын болады. Шетелдік қонақтар шақырылған үлкен мәдени шараның тоқтатылғанынан үрей туғызудың ешқандай қажеті жоқ. Бұл – жүргізіп жатқан жұмыстар алдын алу шаралары.

Хабар 24 телеарнасы