423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ТЖД: Ақмола облысында су тасу қаупі наурыз айының соңында күшейеді

  • 439
  • UPD: 20:12, 12.03.2020
ТЖД: Ақмола облысында су тасу қаупі наурыз айының соңында күшейеді

Ақмола облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, қазір барлық аудан-ауылда суағарлар мен арықтар қар және күл-қоқыстан тазартылып жатыр. Бүгінге дейін өңірдегі елді мекендерден 1 млн текше метрден астам ақ ұлпа сыртқа шығарылған. Бұл өткен жылғыдан екі есе көп дейді мамандар.

Айта кетейік, Ақмола облысында биыл су тасқынынан 125 елді мекенге қауіп бар. Қазір осы қауіпті сейілту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

– Алдағы демалыс күндері тасқынның алғашқы толқыны келуі мүмкін. Себебі апта соңына қарай күндіз ауа температурасы 8-10 градусқа дейін жылып, елді мекендердің ішіндегі қар ери бастайды. Дегенмен одан кейінгі аптада күн қайта салқындайды. Ал жалпы аймақта су тасу қаупі наурыз айының соңы мен сәуір айының басында күшейеді.

Хабар 24 телеарнасы