443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бір аптада 100-ден астам адам парамен ұсталды

  • 154
  • UPD: 22:03, 12.03.2020
Қазақстанда бір аптада 100-ден астам адам парамен ұсталды

Соңғы бір аптада ел бойынша 100-ден астам адам пара алып ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамұнов та бар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлады. Бұдан бөлек, батысқазақстандық бірнеше полицей қамауға алынды. Олар Орал-Атырау және Орал-Ақсай тас жолдарының бойында көлік жүргізушілерінен ұдайы пара алып келген.

Данияр Бигайдаров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі:

– Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысы ережесін бұзуда әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүргізушілерден жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы