413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада автобустарды дезинфекциялау жұмыстары басталып кетті

  • 446
  • UPD: 09:29, 13.03.2020

Covid-2019 індетін алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерде әр рейс сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көліктер енді әр рейс сайын вирустардан залалсыздандырылады. Жүргізушісі автобус ішін өзі тазалайды . Оларға арнайы жуғыш құралдар, қолғап пен маскалар беріледі.

Биахмет Біләлов, №1 автопарк басқармасы төрағасының орынбасары:

5 айналым, 6 айналым істейтін автобустар бар. Әр айналым сайын дезинфекция жасайды. Оған физраствор жетеді. Адам денсаулығына қауіп жоқ. Ешқандай иіс шығармайды. Жүргізушілер маска тағып жүреді деп ойлаймын. Әзірге маскалар жеткіліксіз. Тапсырыс беріп қойдық, ертеңге дейін болады.

№1 автобус паркінің бас инженері Бауыржан Тілеубергеновтың айтуынша, дезинфекция жасау үшін олар қазақстандық өнімді қолданады. Тазалағыш құралдар шамамен бір айға жетеді. «Қажет болған жағдайда тағы алдырамыз», - дейді автопарк басшылығы.

Автобустарда дезинфекция қашанға дейін жасалынатыны әлі белгізсіз. Алайда, сақтықта қорлық жоқ.

Авторлары: Айгерім Бейсембі, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы