428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық студенттер онлайн-оқуға дайын ба?

  • 1724
  • UPD: 08:47, 13.03.2020

Коронавирустың алдын алу мақсатында 16 наурыздан бастап еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Студенттер онлайн-оқуға дайын ба? Ал білім ордаларының бұған қауқары жете ме?

Еуразия ұлттық университеті қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге дайын. Білім ордасының мамандары осылай дейді. Қолданыстағы «Платонус» жүйесі студенттерге үйден шықпай-ақ оқуға мүмкіндік береді.

Шәмен Палымбетов, ЕҰУ академиялық мәселелер департаментінің директоры:

- Біз негізінен «Платонус» жүйесін қолданамыз. Соның негізінде қазір қашықтықтан оқытуға толықтай мүмкіндігіміз бар. Олар біздің студенттеріміз ауылында бола ма, осы жерде бола ма тек қана интернеті болса, ол міндетті түрде байланыста болып, оқытушылардан тапсырмаларын алып, апта сайынғы бағаларын күнделікті сабақта болғандай алып тұруға мүмкіндігі бар.

Дүйсенбіден сабаққа келмейтінін естіген студенттердің көңіл-күйі қандай? Өздерінен сұрап көрдік.

Блиц 1:

Электрондық порталда сабақ кестесі, бағалардың барлығы тұрады. Біз іштей оқығаннан кейін оны қолданып көрмедік, бірақ ол «Платонуста» бар. Енді коронавирусқа байланысты қашықтықта болғаннан кейін соны пайдалануға тура келеді.

Блиц 2:

- Дистанционно оқуға дайынмын.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Жалпы студенттер қалай қабылдады.

Жауап:

- Бәрі қуанды. Себебі, өздерінің ауылдарына туған жерлеріне барады.

Блиц 3:

- Шынымды айтсам, мен үшін бұл жақсы жаңалық емес. Өйткені университетте өткен сабақтар пайдалы.

Блиц 4:

- Біз жалпы оқу туралы онша уайымдамаймыз. Уайымдайтынымыз, достарымыз, құрбыларымыз бәрі аман болсын. Енді кішкене қорқыныш болып тұр.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Қашықтықтан оқыту жүйесінде түрлі тәсілдер пайдаланылады. Электронды кітаптар мен әдістемелік құралдар арнайы жүйеге жүктеледі. Ал мына студияда оқытушылар өз дәрістерін жазады. Яғни, қажетті ақпаратты студенттер бейнежазбалар арқылы да ала алады.

Онлайн-оқуға көшу қазақстандықтарды қатерден қорғау мақсатында қабылданған шара және оның қашанға дейін созылатыны әзірге белгісіз.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Аят Дүйсенбаев

Хабар 24 телеарнасы