412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадағы тігін фабрикасы медициналық бетперде шығара бастады

  • 438
  • UPD: 08:25, 13.03.2020
Қызылордадағы тігін фабрикасы медициналық бетперде шығара бастады

Қызылордадағы ерлер жейдесін тігетін фабрика 5 күннен бері медициналық маска шығара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл істі дәріханалардағы бетперделердің тапшылығына байланысты қолға алып отырмыз», - дейді кәсіпорын басшылығы. Фабрикада 50 адам жұмыс істейді. Олар тәулігіне 10 мың данаға дейін қорғаныс маскасын шығарады. Бүгінде бұл тауар түріне Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларынан сұраныс түсіп, 20 мың данасы сатылып үлгерген. Бетперденің бағасына доллар бағамына байланысты шикізаттың қымбаттауы да әсер еткен. Тігін фабрикасы директорының орынбасары «медициналық бұйымның көтерме бағасы 60-80 теңге шамасында», дейді.

Ерлан Бекенов, тігін фабрикасы директорының орынбасары:

- Бұған 8 қабатталған медициналық марля пайдаланып жатырмыз. Марляны осы медициналық мекемелер бар, солардан тапсырыс арқылы алып отырмыз. Талапқа сәйкес өзінің арнайы сертификаттары бар және сол медицина саласының үлгісі арқылы жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы