399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

  • 253
  • UPD: 08:37, 13.03.2020
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу абақтысына жабылды.

Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов мәлімдеді. Оның айтуынша, істі астаналық құқық қорғаушылар қозғаған. Шенеунік қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшаулау орындарының бірінде отыр. Сондай-ақ құзырлы орган өкілдері «Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығының» жетекшісі Ділмұхамбет Барбосыновтың да қамауға алынғанын жеткізді. Қалалық әкімдіктің қарамағындағы бұл мекеме мемлекеттік ұйымның шаруашылығын жүргізуді мойнына жүктеген. Коммуналдық серіктестіктің басшысы өткен жұма күні ұсталды. Оған «ірі көлемде пара алды» деген айып тағылып отыр.

Ғалымбек Досанов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жетекшісінің бірінші орынбасары:

- Ақтөбе қалалық әкімдігінің аппаратына тиесілі «Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Жақсынова есімді азаматтан 1 миллион 900 мың теңге көлемінде пара алған. Яғни, «ИП Искаковадан» аударылған бұл қаражат жасалмаған жұмыс үшін беріліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы