411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында карантин жарияланды

  • 354
  • UPD: 09:24, 13.03.2020
Атырау облысында карантин жарияланды

Қауіп егіс алқаптарына байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр Жылыой ауданынан қауын шыбыны, ал Махамбет ауданында қызанақ күйесі шығып, шаруалардың 3 гектардай жерін жайпап кеткен болатын. Осыған орай зиянкес шыққан алқаптарды уақытша пайдалануға шектеу қойылды. Биыл облыс бойынша 7 мың гектарға жуық жер телімі өңделуі тиіс.

Абат Жанғалиев, АӨК МИК облыстық-аумақтық инспекциясының басшысы

- 2020 жылы ауа райының жылыну уақытына байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан өзге біздің инспекция үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Биылғы жылы Атырау облысы көлемінде 5450 гектар көлемінде үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы