447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда кешенді үнемдеу бағдарламасы жасақталмақ

  • 120
  • UPD: 13:32, 13.03.2020
Атырауда кешенді үнемдеу бағдарламасы жасақталмақ

Әлемді алаңдатқан экономикалық дағдарысқа қатысты Атырауда кешенді үнемдеу бағдарламасы жасақталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік мәдениет, спорт салаларына қатысты жиындар мен шараларды қысқартуды көздеп отыр. Сондай-ақ биыл іске қосу жоспарланған ірі инвестициялық жобалар да кейінге қалады. Бірақ үнемдеу тұрғын үй, мектеп мен балабақша, аурухана секілді әлеуметтік маңызды нысандар құрылысына әсер етпейді. Биыл Атырау облысында екі медициналық нысан пайдалануға берілмек. Тағы 12 ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Артық шығындардан үнемделген қаражат жергілікті маслихаттың ұйғарымымен жаңа жобаларға бағытталатын болды.

Әлпеш Садық, облыс әкімдігінің ресми өкілі:

- Үнемделген қаржыны ең алдымен халыққа қажетті әлеуметтік саланы жандандыруға және әлеуметтік маңызға ие азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағыттаймыз. Онан өзге де тұрғындарға тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау жоспарланып отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы