419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті

  • 539
  • UPD: 14:23, 13.03.2020
Елордада азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті

Коронавирусқа байланысты елорда базарлары мен супермаркеттерінде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тапшылық жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды. Сонымен қатар дәріханаларда бетперде дефициті де байқалмайды.

Еске сала кеткен жөн, бүгіннен бастап елдегі ойын-сауық орталықтарында санитарлық тәртіп күшейтілді. Театрлар мен кинотеатрлардағы сеанстар да уақытша тоқтатылды. Қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өкілдерінің айтуынша, бас шаһардағы уақытша шектеулерге байланысты қаржылық шығынды өтеу мәселесі әзірше күн тәртібінде жоқ. Басымдық бірінші кезекте азаматтар арасындағы гигиеналық қауіпсіздікке берілуде.

Хабар 24 телеарнасы