430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысына сырттан 900 тонна көкөніс жеткізіледі

  • 410
  • UPD: 13:43, 13.03.2020
Маңғыстау облысына сырттан 900 тонна көкөніс жеткізіледі

Маңғыстау облысына 58 млн теңгеге картоп, пияз, сәбіз бен қырыққабат жеткізілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өңірде азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін 5 ірі тасымалдаушы кәсіпкермен келісім жасады. Осылайша, бағаның күрт өсіп кетпеуін қамтамасыз етпек. «Әзірге алдағы 20 күнде бағаны бірқалыпты ұстап тұрамыз», дейді олар. Аймақта әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік қоры 2 айға жетеді. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорына қазынадан 100 млн теңге бөлінген. Жалпы Маңғыстау өңіріне азық-түліктің 90%-і сырттан келеді. Қазір Иран мен Әзербайжаннан келетін тауар азайғандықтан, Түркіменстан, Түркия мен Өзбекстан елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Абзал Меңдібаев, «Каспий» АҚ басқарма басшысы:

- Арнайы топпен Өзбекстан Республикасына барып қарап келдік. Ол жерлерде осы өңірге керекті көлемде қанша әкеле аламыз, сол бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз қазір. Сонымен қатар тек Өзбекстан емес, Ресеймен де, Қазақстанның басқа бөліктерімен де осы іс-шара әрі қарай жалғаса береді. Тұрақты түрде штаб жұмысы өткізілетін болады және осы тұрақтандыру қорының қаражаты осы бағытқа байланысты келісілген қаражатпен қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы