443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік отбасыларға кепілдендірілген әлеуметттік пакет беріле бастады

  • 217
  • UPD: 14:27, 13.03.2020

Шымкентте аз қамтылған отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама пакеті таратыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атаулы әлеуметтік көмек алған тұрғындар биылдан бастап азық-түлік пен гигиеналық заттарды тегін алады. Азық-түлік жиынтығында балаға қажеттінің бәрі қамтылған. Дәруменге толы сүт, жармалардың түр-түрі, тіпті балға дейін бар. Жыл басынан бері Шымкентте 15 833 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биылғы жылдан бастап енгізілген жаңа форматтағы мемлекеттік қолдаудың аясында қазір 9 мыңға жуық отбасына қаңтар айының азық-түлік жиынтығы таратылуда. Бүгінде кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің шарапатын қаладағы 1-6 жас аралығындағы 15949 бала көріп отыр.

Мейрамгүл Шалғынбаева, көп балалы ана:

4 балам бар үшеуі балабақшаға барады. Біреуі мектепке барады. Ол тегін ыстық тамақ ішеді. Міне, азық-түлік алып жатырмыз. Үкіметке рахмет! Балалар үлкейгенде қайтарады.

Ғалымжан Балтаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда қаңтар айына тағайындалған отбасыларға біз кепілдендірілген пакеттерді таратып жатырмыз. Ал наурыз айындағы әлеуметтік пакетті және гигиеналық құралдарында осы сәуір айында тарқатуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы