421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда еріктілердің фронт-кеңсесі ашылды

  • 383
  • UPD: 14:19, 13.03.2020
Талдықорғанда еріктілердің фронт-кеңсесі ашылды

Ол өңірдегі 23 ұйымының басын біріктіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жалпы саны 1300-ге жуық жас мүше болған бұл құрылымның алдағы уақытта өткізетін шараларының бірыңғай жоспары жасалып жатыр. Кеңсе экологиялық жобаларды жүзеге асырумен айналысады және азаматтарға тегін білім беруге арналған қызметтерді ұсынады. Ағылшын тілін үйрету, цифрлық сауаттылықты арттыру курстары да ұйымдастырылады. Ерікті жастар жақында елді мекендерді абаттандыруға арналған арнайы шараларды қолға алып, туристер көптеп келетін Алакөл, Балқаш, Қапшағай көлдерінің жағалауын тазартуға да атсалысады.

Жомарт Қаратас, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Осы жылы ҰОС-ның 75 жылдығына байланысты және ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты, әл Фарабидің 1150 жылдығына байланысты жұмыс жоспарын қойған болатынбыз. Енді басты қазіргі біздің атқаратын жұмыстарымыздың бірі ҰОС-ның 75 жылдығына байланысты облыс деңгейінде жұмысты бастап кеттік. ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып, үй шаруасына көмектесіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы