435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы жемқорлық тәуекелдері жоғары мекемелерді анықталды

  • 103
  • UPD: 14:44, 13.03.2020
БҚО-дағы жемқорлық тәуекелдері жоғары мекемелерді анықталды

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында өткен жылы 29 қылмыс жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 70%-і жергілікті атқарушы органдар тарапынан болған. Аяқталған істер істер бойынша мемлекетке келген шығын 558 миллион теңгені құрап отыр. Сондай-ақ сатып алу конкурстарына мониторинг жасаған мамандар жемқорлық тәуекелдері жоғары мекемелерді анықтады. Нәтижесінде 15 миллион теңгедей қаржы қазынада қалған. Мәселен, қаладағы №4 емхана қағаз салатын файлдың әрқайсысын 48 теңгеден алмақ болған. Ал аталған тауардың нарықтық құны 15 теңге көрінеді. Тек бір ғана өнім түрінен 160 мың теңге үнемделіпті. Ал облыстық филармонияда халық тұтынатын тауарларды көтеріңкі бағамен сатып алмақ болғандар 14 миллион теңгені мақсатсыз жұмсай жаздаған.

Нұрдәулет Сәмет, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Жалпы бізбен мынау ең жемқорлық тәуекелдері ең көп анықталған сала – білім саласы. Ең көп жемқорлық тәуекелдері бірінші облысымыздағы аграрлық-техникалық университет. Сосын Өтемісов атындағы мемлекеттік университет. Сонымен қатар білім беру басқармасынан тарапынан осындай жемқорлық тәуекелдері көп болатыны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы