427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанның базарлары мен дүкендерінде ең қажетті азық-түлік жеткілікті

  • 613
  • UPD: 22:49, 13.03.2020
Нұр-Сұлтанның базарлары мен дүкендерінде ең қажетті азық-түлік жеткілікті

Елорда базарлары мен супермаркеттерінде ең қажетті деген азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті. Тапшылық жоқ.

Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды. Еске сала кеткен жөн, бүгіннен бастап елдегі ойын-сауық орталықтарында санитарлық тәртіп күшейтілді. Бірқатар театр мен кинотеатрдағы сеанстар да уақытша тоқтатылды. Қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, бұл уақытша шектеулерге байланысты қаржылық шығынды өтеу мәселесі әзірге қарастырылмағанын айтты. Басымдық тұрғындардың гигиеналық қауіпсіздігіне берілуде. 

Ерлан Бекмырзаев, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

- Бағаны тұрақтандыру – бұл басты мәселе. Сондықтан жаңағы айтып отқан қаржының барлығы сол әлеуметтік бағаны тұрақтандыруға бағытталған. Өткен аптада біз қала әкімінде болдық. Мынау нан пісіру, пекарняларға апардық. Ол жерде ұн жөнінде көмектесіп жатыр. Өткен жылдың аяғында 8 мың тонна ұн алынған болатын. Яғни бірінші сұрыптағы әлеуметтік нанға бағаны ұнды беру арқылы бір жылға дейінгі қор қазір жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы