447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында егін алқаптарының құнарлылығы жойылып барады

  • 109
  • UPD: 08:01, 14.03.2020
Қарағанды облысында егін алқаптарының құнарлылығы жойылып барады

Жерді тыңайтқыш минералдың бағасы өте қымбат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны да тек ірі қожалықтар сатып ала алады. Сол себепті шағын шаруашылықтар шаш етектен шығынға батамыз ба деп алаңдаулы. Мысалы, өткен жылы егіс алқаптарының 11 процентіне ғана қоректік элементтер себілген. Бұл – 67 мың гектар суармалы жері бар облыс үшін тым төмен көрсеткіш. Осы және өзге де мәселелер Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасарының облыс аграрларымен кездесуінде мәлім болды. Вице-министр Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау көлемі жергілікті бюджет есебінен ұлғайтылуы мүмкін екенін айтып отыр. Мысалы, кооператив өкілдері субсидияның 25 пайызын республикалық бюджеттен алса, тағы 25 процентін жергілікті бюджеттен ала алады.

Жигули Дайрабаев, «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ төрағасы:

– Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытуға не керек? Екі ақ мәселе керек. Біріншісі, әр фермерға ұзақ жылдарға жеңілдетілген несие беру керек. Ол бір қаржы көзінен берілуі тиіс. Екінші, бізде субсидия түрлері көп, 56-сы бар, кім ауыл шаруашылығымен айналысады, соның бәрі субсидия сұрайды, мемлекет сауын сиыр емес қой. Осы субсидия мәселесін реттеу керек.

Хабар 24 телеарнасы