435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚДСҰО коронавирус сұрақтары бойынша Telegram-ботын іске қосты

  • 140
  • UPD: 12:23, 14.03.2020
ҚДСҰО коронавирус сұрақтары бойынша Telegram-ботын іске қосты Економічна правда

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы коронавирустық инфекция мәселелері бойынша Telegram-ботты іске қосты.

Оның көмегімен пайдаланушылар COVID-2019 коронавирустық инфекциясы бойынша сұрақтарға жауап ала алады.

Іске қосудың мақсаты – ел азаматтарының коронавирус жөніндегі сұраққа жауап алу рәсімін жеңілдету болып табылады. Ақпарат алу үшін чаттағы «Старт» батырмасын басу керек. Ақпарат сұрау үшін пайдаланушы чаттың тиісті түймелерін басу арқылы пәрмендерді жіберу керек. Бұдан әрі пайдаланушы жауаптарды көре алады. Оның қызметтерін пайдалану үшін Telegram-ға тіркелген пайдаланушы болу керек.

«Коронавирус - шұғыл желі» Telegram-боты коронавирустық инфекция туралы негізгі ақпаратты (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдары, инкубациялық кезеңі, жұқтырып алудан қалай қорғану керек, карантинге кім алынады және т.б.) қамтиды. Бот екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді.

Сонымен қатар коронавирус мәселелері бойынша ҚДСҰО базасында тәулік бойы call – орталық (1406) жұмыс істейді, тел. 8 7172 768 043.

Хабар 24 телеарнасы