460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР ДСМ үш ұшақтың жолаушыларын іздестіріп жатыр

  • 674
  • UPD: 16:14, 14.03.2020

Миланда коронавирус жұқтырып, елге оралған әйелмен бір бортта болған жолаушылар толық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 53 адам елордадағы стационарда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Мәскеу - Нұр-Сұлтан әуе рейсімен 89 адам келген. Оның – 42-сі қазақстандық, 42 жолаушы ресейлік, қалған 4 адам Нидерланд, АҚШ, Австралия мен Украина азаматтары. 14 жолаушы Қазақстанның өзге өңірлеріне кетіп үлгерген. Қазір аймақтарда оларды оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. 21 адам Ресейге ұшып кеткен. Жалпы қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып келген 3 ұшақтың жолаушылары іздестіріліп жатыр. Жауапты мамандар 10 наурыз күні сағат 02.45-те Франкфурт - Нұр-Сұлтан - Алматы бағытымен, сол күні Варшава - Нұр-Сұлтан әуе рейсімен, 12 наурыз күні сағат таңғы 06.10-да Мәскеу - Нұр-Сұлтан бортымен келген жолаушылардың 1406 нөміріне хабарласуын сұрап отыр. 

Сәуле Қисықова, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 54 жолаушының 53-і елордадағы стационарларға жатқызылған. РФ-ның бір азаматы дипломатиялық ранг пен РФ елшілігінің нота беруіне байланысты елшілік аумағында қалды. Яғни 57 адам ауруханаға толығымен жатқызылды. Толыққанды лабораториялық жұмыс жүргізілді. Нәтиже тексерілуде.

Хабар 24 телеарнасы