423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтеді

  • 336
  • UPD: 15:21, 14.03.2020
Ақтөбеде ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Ақтөбенің тұрақтандыру қоры мен ірі сауда желілерінің қоймасы азық-түлікке толы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан негізсіз дүрлігіп, дүкен сөрелерін тып-типыл етуге ешқандай негіз жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздескен облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин осылай деді. Ол сауда орындарының да жұмысы тоқтамайтындығын жеткізді. Тұрғындар соңғы екі күн ішінде дүкен аралап, жаппай азық-түлік сатып алып жатыр. Облыс орталығындағы ірі сауда орындарының бірінің өкілдерінің айтуынша, бакалея өнімдерінің саудасы 20 процентке артқан. Халық көбінесе ұзақ мерзім сақталатын тауарларды сатып алуда. Аймақтағы тұрақтандыру қоры мен дүкендер кенеттен артқан сұранысты дер кезінде қанағаттандыруға шамамыз жетеді деп отыр. Мәселен, облыстық қордың қамбасында 226 тонна қант, мың тоннадан астам картоп, 147 тонна пияз, 60 тонна сәбіз және ұн мен күнбағыс майы сақталған. Және бұл тауарды арзан бағамен коммуналдық базарлардан табуға болады. Сондай-ақ әр демалыс күндері облыстың барлық елді мекенінде қосымша жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Аманғали Бердалин, облыс әкімінің орынбасары:

– 14 наурыздан бастап барлық ауылдық, аудандық орталықтарда, қалада жәрмеңке өткізейін деп жатырмыз. Бұл да өзінің септігін тигізетіні анық. Себебі жәрмеңкеде 10-15 процент төмен бағамен сатады.

Хабар 24 телеарнасы