445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирус жұқтырған бір азаматтың жағдайы орташа ауыр деңгейде

  • 139
  • UPD: 20:29, 14.03.2020

Алматыда індет жұқтырған 4 азамат ем алып жатқанын айттық.

Соның біреуінің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Қалған 3 науқастың жағдайы қалыпты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. Оның айтуынша, орташа ауыр жағдайда жатқан науқас 12 наурыз күні Германиядан чартерлік рейспен ұшып келген. Бұл бортта болған 12 адамның барлығы қазір карантинге алынған. Қауіпті кесел жұқтырған науқастарға дәрігерлер тиісті көмек көрсетіп жатыр. Стационар қажет құралдармен жабдықталған. Дәрі-дәрмек те жеткілікті. Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың көбі табылған. «Қалғанын бүгін кешке дейін анықтаймыз», - дейді Тілеухан Әбілдаев.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қаламызда коронавирустан емделіп жатқан 3 науқастың жағдайы қалыпты. Бір азаматтың жағдайы орташа ауыр болып отыр. Олар емдеу протоколы бойынша ем алуда. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер де, симптоматикалық емді көмектерді алуда.

Хабар 24 телеарнасы