478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордадағы MEGA Silk Way орталығы тазалық жұмыстарын күшейтті

  • 682
  • UPD: 18:55, 14.03.2020

Елордадағы MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы санитарлық-тазалық жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі ең ірі кешен қала тұрғындары үшін маңызды нысанның бірі. Халық сұранысқа ие тауарларын осы орталықтан сатып алады. Орталықта індетке қарсы қолға алынған шараларды тілшіміз көріп қайтты.

Адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Осы қағиданы ұстанған MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы 23 стационарлы және 50 қол тепловизорын сатып алды. Дезинфекциялық-санитарлық құралдар мен эдкалаторлар да жеткізілді. Жалпы MEGA орталығы коронавирус індетіне қарсы профилактикалық шараларға 200 млн теңге бөліп, қажетты құрал-жабдықтармен қамтылды. 

Нұрлан Смағұлов, «Astana Group» президенті:

- Біз тұрғындар алдындағы жауапкершілікті жақсы білеміз. Азаматтарымыздың денсаулығы біз үшін маңызды. Ең бастысы, індеттен қорғану мақсатындағы шараларды қолға алып жатырмыз.

Инфекциядан қорғанудың ең басты жолы – қолды таза ұстау. Осы мақсатта MEGA Silk Way әкімшілігі ғимараттың әр бұрышына арнайы санитарлық құрылғы орнатты. Сауда ойын-сауық орталығының тазалыққа жауапты қызметкерлері нысан ішін хлор сұйықтығымен жиі дезинфекциялап, санитарлық мақсаттағы жұмыстарына жете мән беріп жатыр. Қазір тәулігіне 100 адам тазалықты қадағалап отырады.

Нұрлан Смағұлов, «Astana Group» президенті:

- Қолға алынып жатқан шаралар өте маңызды екенін ескерген жөн. Мұнда менің де балаларым ойнайды. Бәріміз де сауда ойын-сауық орталығының тұтынушысымыз. Сондықтан күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналған орталықта жауапкершілікті жақсы сезінеміз.

MEGA – тек сауда жасайтын нысан ғана емес. Бұл әлеумет көп шоғырланатын отбасылық демалыс орны. Келушілер өзін қауіпсіз сезіну үшін Мега сауда ойын-сауық орталығының барлық бөлімшелері эдкалатор сатып алды. Ол эскалатор мен сатылардың тұтқасын тазалауға арналған. Ал тепловизорлар адамдардың дене қызуын бақылауға мүмкіндік береді.

Авторлары: Қанат Базылханов, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы