430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан COVID-19 бойынша қолайсыз елдер тізімін өзгертті

  • 938
  • UPD: 21:18, 14.03.2020
Қазақстан COVID-19 бойынша қолайсыз елдер тізімін өзгертті

Коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімі өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 1 «а» санатында Иран мен Италия тұр. Осы елдерден келгендер бірден стационарға жатқызылады. 14 күндік карантиндік бақылауда болады. Ал бұған дейін осы індеттің ошағы болған Қытай 1 «б» санатына төмендеді. Оңтүстік Корея, Германия, Испания мен Франция да осы тізімде. Бұл елдерден келгендер 2 апта үй карантиніне алынады. Ал, екінші санаттағы Австрия, Бельгия, Дания, Қатар, Норвегия, Нидерланд, БАӘ, Швейцария, Швеция мемлекеттеріне барып келгендер емханаға барып тексеріліп тұруға міндетті. Үшінші санаттағы Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, Люксембург, Словения, АҚШ, Чехия мен Жапониядан келгендер арнайы есепке алынады.

Хабар 24 телеарнасы