415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әсіресе жасы ұлғайған азаматтар көпшілік орындарға бармағаны дұрыс – маман

  • 569
  • UPD: 21:29, 14.03.2020
Әсіресе жасы ұлғайған азаматтар көпшілік орындарға бармағаны дұрыс – маман

Қол беріп амандасып, құшақ жая көрісуді доғара тұрған жөн.

Ең бастысы, қол гигиенасын сақтау маңызды. Адам аяғы көп жиналатын жерлерге баруды да азайту керек. Инфекциялық және паразитарлық аурулармен күрес басқармасының жетекшісі Манар Смағұл осылай дейді. Адамдармен арақашықтық 1 метрден кем болмағаны дұрыс. Жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырып жүргендер міндетті түрде бетперде киюі тиіс. Бетпердені әрбір 3 сағат сайын ауыстырып, қолданылғанын беті жабық қоқыс жәшігіне салған жөн. Вирус көбінде жөтелгенде және түшкіргенде ауаға тарап, айналадағы заттарға қонады. Оларды ұстау арқылы кесел келесі адамға жұғуы мүмкін. Сондықтан қолды жиі жуу керек. Маман «әсіресе, жасы ұлғайған жандардың көпшілік орындарға бармағаны дұрыс», дейді.

Хабар 24 телеарнасы