418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудан қашық қонған ауыл-аймақ түлеп, түрленіп келеді

  • 381
  • UPD: 22:14, 14.03.2020

Ақтаудан қашық қонған ауыл-аймақ түлеп, түрленіп келеді. Жолдары жөнделіп, көшелері кеңейе түскен.

Бұған «Ауыл – ел бесігі» жобасы сеп болды. Мәселен, бір ғана Маңғыстау селосында үш көше асфальтталып, ауылішілік жолдарға соңғы үлгідегі көше шамдары орнатылған.

Мұнайлы ауданының орталығы бұрын Маңғыстау-1 деп аталса, қазіргі атауы – Ақеспе. Тұрғын үй массивтері арасындағы ескі сүрлеуге асфальт төсеу жуырда аяқталды. Сондай-ақ Есмәмбет пен Шапағат көшелері және бірінші кварталдың көлік жолдары толық жаңарды. Қорыта айтсақ, ұзындығы 16 шақырымдық ауылішілік тас жолды қалпына келтіруге қазынадан 380 млн теңге бөлініп, иегерілген. Ал тұрғындарды тыңдасақ, «алда жасалатын шаруа әлі де көп», дейді.

Қыдырбай Жұпбанов, ауыл тұрғыны:

- 100% тегіс асфальт жол жоқ қой енді. Соның қалған жерлері әлі де айтылып жатыр. Айтып жатырмыз. Қалған жерлердің барлығын да жасайды деген үміттеміз. Көшелердің барлығына дерлік электр жарығы тартылды. Дегенмен де, жалғыз-жарым ауылдар әлі де бар. Келешек жасалады, халықтың жағдайы жақсарады деген үміттемін.

Батыр ауылын Мұнайлы ауданы орталығымен қосатын тас жол шетінде бұрын жол сақшыларының бекеті тұрды. Осыдан бастап ауыл ішіндегі теміржол өткеліне дейінгі бір шақырымдық көлік жолына күн бата көз түрткісіз қараңғы түсетін. Қазір мәселе шешілген. Жол жиегіне көше шамдары ілінгелі село келбеті мүлдем өзгерді. Таяу жылдары 30-дан астам көпқабатты үй бой көтерген 22-ші кварталды жарықтандыру жұмыстары да аяқталып тұр. Бұл жобаға 34,5 млн теңге қаралған.

Берік Әбдіхалық, Мұнайлы ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Көше жарығы бойынша жұмыстар 2019 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін жүргізілді барлық нысандарда. Енді 2020 жылы ауданымыздың кәрі шаңырағы болып есептелетін Қызылтөбе ауылдық округінің ескі жолдары қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының шарапатын волонтерлер де көруде. Еріктілер жылы бұрын қолданыста болған ғимарат бастан аяқ жөнделіп, жастардың ресурстық орталығына айналды. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 43 млн теңге жұмсалған. Қазір мұнда белсенді жастар бас қосып, дайындық шараларын өткізіп жүр.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы