429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» тілшілері ЖОО студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізуде

  • 384
  • UPD: 22:48, 14.03.2020
«Хабар» тілшілері ЖОО студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізуде

«Хабар» Агенттігіне биыл 25 жыл.

Осы айтулы мерейтой аясында агенттіктің басшылары мен тілшілері еліміздің Жоғарғы оқу орындары студенттерімен кездесіп, шеберлік сабақтарын өткізуде. Бұл жолы Алматы филиалы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, әлеуметтану ғылымдарының магистрі Алуа Маханбет өз тәжірибесімен бөлісті. Журналист биыл 1150 жылдығы аталып өтіп жатқан ұлы ғұлама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика және экономика факультеттерінің студенттеріне «Телеарнада ақпараттық контент дайындаудың тәсілдері» деген тақырыпта дәріс оқыды. Білікті маман оқиға орнынан ақпарат жинау, тікелей эфирге шығу, репортаждар дайындаудың қыр-сырын түсіндірді.

Еркежан Бейсембаева, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ экономика факультетінің студенті:

- Бүгін біз Алуа Маханбеттің дәрісінен көптеген ой жинақтадық өзімізге. Негізі біз түсінбеппіз, журналистердің осындай қиын жұмыс істейтінін. Кез келген уақытта әрбір сұхбатқа дайын болу керек екенін, кадр сыртында қандай қызықты оқиғалар болатынын, сонымен қатар мен былай ойлағанмын, негізі журналист диктор ретінде ғана қызықты және сол ретінде ғана болады деп..

 

Хабар 24 телеарнасы