412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роман Скляр мен Ерлан Тұрғымбаев елорда маңындағы су тораптарын тексерді

  • 219
  • UPD: 23:13, 14.03.2020
Роман Скляр мен Ерлан Тұрғымбаев елорда маңындағы су тораптарын тексерді

Роман Скляр мен Ерлан Тұрғымбаев ұшу барысында қар қорына аэровизуалды тексеру жүргізді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы хабарлайды.

14 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елорда және Ақмола облысының аумақтарын ұшумен аралап шықты.

Қосшы, Ильинка, Қажымұқан, Талапкер, Қоянды, Новомарков елді мекендерінің, Вячеслав су қоймасының, Астана су реттегішінің, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасы бойынша Преображенск су торабының қар қорына аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Ұшып аралауға ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, «ҚазАвтоЖол» басшысы Ұлан Әліпов қатысты.

Көзбен шолып қарау кезінде аумақтың басым бөлігінде тұрақты қар еру процесі анықталды.

Құзыретті қызметтер жерден де, жерсеріктік зондтау көмегімен де тәулік бойы мониторинг жүргізуде.

Ішкі істер министрлігінің басшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының жазықтағы өзендерінде мұздың тұрақты қатуы байқалғанын, ал мұз кептелісінің алдын алу мақсатында мұздарды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілетіні туралы баяндады.

Хабар 24 телеарнасы