445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік фермерлерге егіс науқанына арзандатылған дизель отыны бөлінді

  • 80
  • UPD: 07:22, 15.03.2020

Ақтөбелік шаруалар үшін көктемгі егіс науқанына арзандатылған дизель отыны бөлінді. Жалпы көлемі 9 мың тонна болатын жанар-жағармай дән себетін барлық қожалықтарға толық жетпек.

Бұл туралы баспасөз мәслихатын өткізген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді.

Сәрсембайдың айтуынша, нарықтағы әр литрі 190 теңгеден асатын дизель отыны шаруаларға 177 теңгеден беріледі. Бұдан бөлек тұқым, тыңайтқыш алған қожалықтар шығынының жартысы субсидияланады. Жалпылай алғанда ауыл шаруашылық құрылымдарын қолдау үшін биыл бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінбек.

Құсайын Сәрсембай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 787 мың гектар алқапта жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 457,3 мың гектары дәнді-дақылдар, 35,2 мың га майлы дақылдар, 282 мың гектары мал азығы дақылдары. Сондай-ақ 6,3 мың га картоп және 5,9 га көкөніс және бақша дақылдары.

Хабар 24 телеарнасы