418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да тоқсанның төріне шыққан майдангер ақсақалдың өмірі өңірге үлгі

  • 289
  • UPD: 08:52, 15.03.2020

Ел басына күн туғанда Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданынан 18 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанып, соның 7 мыңы туған елге оралмапты. 9 азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Ал қазір көзі тірі 3 майдангер бар. Солардың бірі 95 жасқа келген Елеусіз Қиынбаев. Сүйегі асыл сарбаз әлі күнге атқа мініп, өзін сергек ұстайды. Ән шырқап, жұртты еңбекке баулудан жалыққан емес.

Елеусіз ақсақал басқосуда түнеріп отырғанды ұнатпайды, елдің еңсесін көтеріп, жылы сөздерін аямайды. Осы қасиет оны 95-ке жеткізді деп санайды ұрпақтары. 13 жасынан шахтада жұмыс істеп, 1943 жылы қан майданға аттанған бозбала 120-зеңбірекшілер полкінде Отан қорғады. Соғыстан кейін де еңбектің ортасында жүрді. 1945 жылы Жеңісті Қиыр Шығыста қарсы алыпты. Кеудесінде жарқыраған орден, медальдар өткен күннің белгісі. Жүзге жақындаған ақсақал әлі де тың, ойы сергек, көп қимылдағанды жақсы көреді. 

Елеусіз Қиынбаев, соғыс ардагері:

- Қорықпау керек жұмыстан, ешқашан қорықпау керек. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деп Абай атамыз айтқандай, адам өзін өзі ұстаса, ешнәрседен қорықпай, ерінбей, ешкім әкеліп бермейді, солай болу керек. Өмірлерің қызық болсын, өмірлерің тозбасын! Қазақстанымыздың іргесі мықты болып, осы жастарымыз аман болсын! 

Нұрлан Назарханов, Үлкен бөкен ауылдық округінің әкімі:

- Сүйегі асыл деп атам қазақ тегін айтпаған осындай адамдарды. Жоқшылықты көріп, соғысты көріп, әкесінен ерте қалса да шахтада жұмыс істеп бәрін жеңіп шықты. Себебі үлгі болатын себебі өмірге деген құштарлық, адалдық, таза жүру, таза істеу. Бір грамм адам баласына жаманшылық ойламау. Серуендеп әлі күнге дейін атқа мінеді. Отырыстарда билеп, өзін өзі ауырамын деп айтпайды. Сондықтан мен ойлаймын, осындай адамдарды жастар үлгі алып, қазіргі заманда бұл нағыз керекті ұлттық рух, «Рухани жаңғыру» осындай адамдардан үлгі алатын нәрсе деп ойлаймын мен өзім. 

Қан майданға аттанған көптеген көкпектілік сол күйі туған елге оралмады. Шайқас даласында көз жұмғандардан өзге, хабарсыз кеткендері қаншама. Қазір солардың есімдерін анықтау жұмыстары қолға алыныпты. 

Сіләмбек Мұқашев, Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Жылдан жылға ол өзі жаңара береді, көбейе береді. Өйткені аты шығып жатыр, аталмай қалған адамдар көп. Сондықтан мен бүгін ойлаймын, біздің міндет сол кісілерге дұрыс баға беріп, сол кісілерді еске алып, жастарға таныстырып, айтып үрйету. Әбделменев деген 1944 жылы наурыз айында қайтыс болыпты сол концлагерьде, соны туыстары алып, фотосымен аты-жөнімен қай жерде болғаны табылды. 

Көкпекті ауданында қазір 314 тыл ардагері, 3 соғыс ардагері бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында олардың барлығына лайықты құрмет көрсетіледі дейді атқарушы билік өкілдері. 

Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов

Хабар 24 телеарнасы