448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегін білген ұрпақ жаңылмайды

  • 98
  • UPD: 15:32, 15.03.2020

15 наурыз - шежіре күні. Этнограф ғалымдардың ұсынуымен бұл күн «Наурыз шапағаты» жинағында осылай көрініс тапты. Шежіреші Асангелді Отар «қазақтың ерекшелегі - тектілігінде» дейді.

Қазақ «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді. Салмақты сөздің астары да терең. Өкіншке орай, бүгінгі ұрпақ ата-бабасын түгендеуді қойып, жүз бен руға бөлінуден арланбайды. Ал шежіреші Асангелді Отар «бұл үлкен қателік» дейді. Соның салдарынан заманауи қазақтардың туыстық жігі ажырап барады. 

Асангелді Отар, шежіреші:

- Қазақ халқы уағында жеті атаңды біл деген. Жеті атаңды білмесең тексіз боласың. Тексіз, тілсіз қазақ өзінен өзі жойылады. Бұл бөлінуге жатпайды. Қайта жеті атаңды білсең жақындай түсесің. Жекжат боласың, жиен боласың. Үш жүз қазақтың үш баласы. Үш жүз қосылады да түбі қазақ қой. 

Асангелді атаның шежіре зерттеп жүргеніне 35 жыл болған. Тегін білуге марқұм ағасы мұрындық болыпты. Алдымен әулеті, кейін ауылы, сөйтіп бүкіл қазақ қауымының бір атадан тараған текті ұрпақ екенін зерделей келе, бірнеше томдықты жарыққа шығарды. Ұрпақ алдындағы борышы өтелгендей. Немерелері 7 атасын жатқа айтады. 

Алинұр, А.Отардың немересі: 

- Алинұр, Ілияс, Асан,Отар, Қыстаубай,  Теке, Қарғабай, Қожас, Танай, Қажы, Бәдік, Ысты. 

Қазір шежіреші 1000 беттік қолжазбамен жұмыс істеп жатыр. Байдібек бабадан бастау алған еңбектері Қожа, Қаз дауысты Қазыбек бидің шежіресімен жалғасын таппақ.   

Асангелді Отар, шежіреші:

- 2000 жылға дейін тізбекпен жазды. Тізбек дегеніміз, Асан Асанның баласы Ілияс деп кеткен. Оны табу қиын. Ал мына схема дегеніміз сол әулет мына бетке сыйып кетеді. Соның бала-шағасымен. Оны схема бойынша іздесеңіз, тез табылады. Көбіне ол схеманы біз осы Байдібек баба кітабында қолға алдық. 

Бабаларымыз тек шежіресін ұрпақ жадына сіңіріп кеткені хақ. Тарихтағы ақтаңдақ беттер ерекшелігімізді ұмыттырды. Бірақ Асангелді сияқты шежірешілер үзілген жіпті қайта жалғап, қолымызға ұсынып жатыр.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы