425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырған алматылықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • 1071
  • UPD: 19:24, 15.03.2020
Коронавирус жұқтырған алматылықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды DW

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматылық тұрғын вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқан. Сөйтіп санитарлық қызметтің жұмысына кедергі келтірген. Қазір бұл азаматша Қылмыстық кодекстнің 304-бабы бойынша жауапқа тартылды. Қалалық полиция департаменті тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы