443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдайдың заңдық сипаты

  • 96
  • UPD: 20:38, 15.03.2020

Төтенше жағдай туралы заңда: «Мұндай режим азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құрылымды қорғау мақсатында ғана қолданылатын уақытша шара» делінген.

Елдің бүкіл аумағында енгізілетін төтенше жағдайдың мерзімі 30 тәуліктен, ал жекелеген жерлерде 60 тәуліктен аспауы тиіс. Төтенше жағдай енгізуге негіз болған мәселелер ерте жойылса, Президент режимді белгіленген мерзімнен бұрын толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ «Төтенше жағдайдың құқықтық режимінің ерекшеліктері» деген тармақта, бұл кезеңде Парламент таратылмайды делінген.

Хабар 24 телеарнасы