411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

  • 773
  • UPD: 22:11, 15.03.2020

Алматы қаласында 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды. 

Ол Германиядан ұшып келген.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. 

Кеселді жұқтырғандардың жалпы саны 9-ға жетті. Жетеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында. Қазір 1644 адам стационарлық және 628 адам үй карантинінде. Қазір Қытай халық республикасы мен індет қаупі жоғары елдерден келген азаматтар қатаң бақылауда. Олардың жалпы саны – 2537, соның ішінде 1 «а» санатына жататындар 1626, 1 «б» санатындағылар – 564, ал 2-санаттағылар – 347 адам. Осы 2537 адамның 480-не қатысты бақылау алынып тасталған. Яғни тап қазір бақылауға алынған азаматтар саны – 2057. Айта кетерлігі, коронавирустың таралуына байланысты желіде жалған ақпарат көбейді. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы