445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев: Төтенше жағдай елдің экономикалық ахуалын тоқтатып тастамайды

  • 94
  • UPD: 22:41, 15.03.2020

Төтенше жағдайдың енгізілуі елдің экономикалық ахуалын толық тоқтатып тастамайды.

Мәселен, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, қоймалар штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Сондықтан тауар тапшылығы болады деп дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Мұндай үндеуді Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев фэйсбуктегі парақшасында жариялады. Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасап, нақты тапсырмалар береді. Соған сай мемлекеттік органдар тиісті шешімдер қабылдайды. Сондықтан тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамын дейді министр. Ал індетпен күреске еліміздің барлық күштері жұмылдырылады.

Хабар 24 телеарнасы