411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID 2019: елорданың инфекциялық ауруханасындағы ахуал

  • 408
  • UPD: 23:27, 15.03.2020

Коронавирус жұқтырған науқастар тек дәрігерлерден үміт күтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал сол ақ халаттылардың қызметтері қандай? Инфекциялық ауруханадағы жағдайға бір рет біз де көз салайық.

«Бірінші палатада жатқан науқас аурухана тамағын жемеймін дейді. Ол жеміс-жидек пен көкөніс сұрайды. Себебі ет жемейді екен. Тамақ ұнамаған соң, дәрігерлермен ұрысып жүр. Мінезі дөрекі. Бұл науқасқа психолог керек».

Инфекциялық ауруханадағы дәрігерлердің жұмысы осындай шағын кеңестен басталады. Күнде таңғы сағат 7:30-да ақ халаттылар науқастардың температурасы, жалпы жағдайы туралы ақпаратты тіркеп, әріптестеріне кезегін тапсырады. Содан кейін бір реттік бетперде, көзілдірік пен қолғап киген дәрігерлердің келесі легі қызметке кіріседі.

Сәуле Атығаева, инфекционист дәрігер:

– Коронавирустың таралу деңгейі жоғары мемлекеттерден келгендер жатқан ауруханада жұмыс істейміз. Қазір инфекциялық бөлімде Оңтүстік Корея мен Италиядан келгендер карантинде жатыр. Сондай-ақ мұнда Қытай халық Республикасының бірнеше азаматы бар.

Аурухана қабырғаларын бойлай ауа тазартатын құрылғылар орнатылған. Палаталардың да ішінде бар. Құрал жабдықтарын көрсеткен дәрігер карантинде жатқандарды тексеруге кірісті. Инфекционист алдымен Италия, кейін Сеулден келгендерді бақылап шықты.

Ал бұл – ауыр халдегі науқастарға арналған палата. Мұнда өкпесі қабынып, тыныс алуы қиындаған адамдарға көмек көрсетіледі. Бір қуанарлығы, елімізде індет жұқтырғандар анықталғанымен, арнайы палата әлі бос. Дегенмен шетелден келіп жатқандар көп. Сондықтан ақ халаттыларға тыным жоқ. Олар карантинге алынғандардың келесі легін күтіп отыр.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы