443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда соңғы тәулікте 16 адам коронавирус жұқтырған

  • 135
  • UPD: 08:45, 16.03.2020

Жаңадан тіркелген науқастардың 12-сі шетелден келгендер.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау комитеті хабарлайды. 14 науқас қайтыс болды. Олардың барлығы Хубэй провинциясында. Күні бүгінге дейін 68 мың адам дертінен сауығып шыққан. Ал, 10 мың науқас емін жалғастырып жатыр. Аймақтағы жағдай жайында толығырақ Қытайдағы арнамыздың меншікті тілшісі Ботагөз Сырғабаевнадан білейік.

Қытай билігі шетелдерде коронавирустың кең етек жаюына байланысты өз елінде қандай шараларды қабылдап жатыр.

Соңғы күндері Қытайға шетелден келгендердің ішінде вирус жұқтырғандардың саны Қытайдың өзіндегі жаңа науқастардың санынан артық болып тұр. Олардың көбі Бейжің қаласында тіркелген. Сол себепті қазір ел астанасында халықаралық рейстерді тек бір ғана Шоуду әуежайы қабылдайды. Онда арнайы науқастарды оқшаулайтын орын бар. Бүгіннен бастап өзге елден келгендердің барлығы 14 күн қарантинге жатқызылды. Медицина қызметкерлері барлық жолаушыларды жіті тексеретін болады. Бұл үдеріс бірнеше күнге дейін де жалғасуы мүмкін. Кейбіреулерін үй жағдайындағы карантинге жіберулері мүмкін. Бұл туралы Бейжіңде өткен баспасөз конференцияда хабарланды.

Ал, осы медициналық тексеріс пен емдеу шараларына кететін қаражатты кім өтейтін болады?

Барлық шығында жолаушының өзі немесе сақтандыру компаниясы төлейді. Егер адам Қытайдың негізгі сақтандыру жүйесіне жататын болса, ем-дом шараларына кететін қаражатты мемлекет өтейтін болады. Тағы айта кететін жайт, жаңа ережеге сәйкес коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл заң шетел азаматтарына да қатысты.

Хабар 24 телеарнасы