412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жасады

  • 426
  • UPD: 19:50, 16.03.2020
ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жасады astana-akshamy.kz

Коронавирустың алдын алу шараларына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сайтында үндеу жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда басқарма өкілдері барша мұсылман қауымын адам көп жиналатын жиындарды, іс-шараларды мүмкіндігінше кейінге шегеруге шақырады.

Сондай-ақ үндеуде «жамағатпен оқылатын бес уақыт намазға қатысқан жағдайда құлшылықтан кейін қол беріп амандасудан, бір орынға жиналып дұға етуден сақтануымыз аса қажет. Өйткені құлшылықтан кейін қол алып амандасу намаз шарттарына жатпайды», деп жазылған.

Бұдан бөлек, азаматтарға мешітке маска тағып келу, намаздан тыс мешітте топтаспау, үйден дәрет алып келу, намаздан кейін көп кідірмеу, қариялардың, науқастар мен әйелдердің жамағат намазына қатыспауы жөнінде ескертілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұма намазға қатысты үндеу жариялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді

Қолма-қол ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін – мамандар

Ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді

Хабар 24 телеарнасы