427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында шет мемлекеттерден келген 135 адам бақылауға алынған

  • 323
  • UPD: 15:41, 16.03.2020

Ертіс өңірінде елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай аймақтық жедел штабтың құрылғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Денсаулық сақтау, азық-түлік нарығы, жолаушылар тасымалы жергілікті биліктің жіті назарында. Осы сағаттағы соңғы мәліметтерге сәйкес шет мемлекеттерден келген 135 адам арнайы бақылауға алынған. Өңірдегі коронавирустың таралмауына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар қандай?

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Медицина саласы мамандарының хабарлауынша, облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Коронавирус жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Алыс-жақын шет елдерден келген азаматтыр бақылауға алынды.

Облыста тұрғындарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында республикалық бірыңғай шұғыл желіден бөлек сенім телефоны да бар.

Айте кетейік, елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар уақытша тоқтатылды. Облыстағы 22 балалар және жасөспірімдерге арналған мектептерде жаттығулар тоқтатылды. Бұл мектептерде 7-18 жас аралығында 23 мың бала жаттығады. Мектепке дейінгі және орта білім беру мектептері жұмысын тоқтатты. Ал колледждер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Олардың барлығы 100% ақпараттық-білім беру жүйелеріне көшірілген. Бүгінгі күні 18 мыңға жуық студент үйлерінде оқытылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы