429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі ЖОО студенттерді қашықтан оқытуға көшті

  • 965
  • UPD: 16:39, 16.03.2020

Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті қашықтықтан оқытуға толығымен көшті.

Негізі бұл жоғары оқу орнына қашықтықтан оқыту жүйесі аса таңсық емес. Университет 2004 жылдан бастап онлайн платформада тұрақты жаңартылып отыратын «Прометей» қашықтықтан оқыту бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Қазір онда 27 мың 597 студентті қашықтықтан оқытуға көшу бойынша іс-қимыл әрекеті әзірленген. Оқытушы-профессорлар құрамы бейнелекциялары еркін қолжетімді болу үшін ЮТУБ желісімен университеттің веб сайтына жүктелген. Оқу процесін ұйымдастыру белгіленген білім бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Сабақ кестеге сәйкес, байланыс сағаттары ретінде онлайн режимге өткізілді. Ал кітапханадан қажетті ақпарат іздеген студенттерге университет кітапханасының мобильді қосымшасы әзірленген. Онда қажетті мәліметтер базасы жинақталған. Мобильді құрылғыларда оқу және ғылыми әдебиеттің толық мәтіндік деректер базасын пайдалану мүмкіндігі ұсынылған.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

– Бүгінгі таңда университетте оқу процесі түгелі мен қамтылып жалпы өзінің онлайн, офлайн режимінде қамтылып жүргізіліп жатқандығын хабарлағым келеді. Түске дейін, түстен кейін қойылған сабақтардың барлығы да онлайн сабақ кестесі арқылы жүргізілуде. Ал офлайн режимінде қазіргі таңда балалардың жеке кейсі дайындалған. Осы кейс бойынша жүргізіліп жатыр. Оның ішінде барлық инновациялық контенттер орналастырылған. Ал екіншіден балалардың мобильді өздерінің телефондарында жүктелінген өздерінің логин паролі арқылы жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы